Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы екі ауылға су кірді
Торғай өзенінің деңгейі көтеріліп, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы екі ауылға да су кірді. Қостанай облысымен іргелес жатқан Нұра және Мамыр елдімекендерінің халқы эвакуацияланды.
572 адам аудан орталығына жеткізілді. Оның 242-сі алдын ала дайындалған орындарға, қалғаны туыстарының үйіне орналасты. Ауыл азаматтары бірнеше тәулік бойы бөгет тұрғызып, судың жолына тосқауыл қойған еді. Оларға 126 адам мен 7 техника көмекке барды. Алайда, құм қоршаулар судың екпініне шыдас бермеді. Нұра ауылында 112 үй бар. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлауынша, енді Жайсаңбай мен Құйылыс елдімекендеріне де су келуі мүмкін. Қазір бөгеттерді нығайтылып жатыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19