Қорғалжың қорығында браконьерлер 100-ден астам киікті атып тастаған

17.04.2019

Қорғалжың қорығында небәрі бес күннің ішінде браконьерлер 100-ден астам киікті атып тастаған. Бастапқыда мүйізі кесілген елу киік атылды деген ақпарат тараған. Алайда, қорық басшылығы олардың саны кейіннен 108-ге жеткенін хабарлады.

Киікті заңсыз ату наурыздың 17-сі мен 21 күндері болған.  Қазір бұл факті бойынша 6 адам ұсталған. Оның екеуі «Охотзоопромның» қызметкерлері. Жалпы, заңсыз аң ату азаймай тұр. Былтыр елімізде  осындай 180 браконьерлік фактісі тіркелген. Оның 80-ге жуығы киік атуға байланысты. Олардан 300-ге жуық өлі киік пен  350-ге жуық мүйіз алынған.

Жанат Таңсықбаев, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК бас директорының орынбасары:

Киіктерді неғұрлым қорғаштаған сайын, соғұрлым оны атқысы келетіндер де көбейіп жатқандай.  Бірінші кезекте оны сатудың жасырын жолдарын тоқтату керек.  Сонда киікке сұраныс болмаса, қылмыс та азаяр еді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу