Атырау облысындағы барлық күш облыс орталығын тасқын судан сақтап қалуға жұмылдырылып жатыр. Аймаққа арнайы барған Сенат депутаты Сағындық Лұқпанов жаға бекіту барысымен танысты. Қазір Жайық өзенінің жағалауы 107 учаскеге бөлініп, бөгеттер тұрғызылып жатыр. Тасқыннан қорғануға 800-дей техника мен 3 жарым мыңдай адам тартылған. Суды қалаға кіргізбей, Каспий теңізіне бағыттайтын бұрынғы су жүйелеріне қосымша 24 шақырымдық арық құрылысы басталған.
Сағындық Лұқпанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бірінші мәселе судың өзінің табиғи арналарымен Жайықтан шығатын табандардан шығарып, жайылып екі жағынан теңізге кету керек. Болжам бойынша үлкен су келе жатыр, оған дайындық болу керек. Мына жасалып жатқан жұмыстарды дұрыс деп ойлаймын, қазылып жатқан каналдарды.
Ал Жылыой ауданында Жем өзенінің деңгейі едәуір түсті. Құлсары қаласының іргесіндегі Ақкиізтоғай ауылы маңындағы гидропунктегі су деңгейі - 85 сантиметрге төмендеген. Қазір су сору жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 51 техниканың көмегімен қаладан 11 мыңнан астам текше метр су шығарылған.