Президент тасқынның алдын алуға қатысты штаб отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент тасқынның алдын алуға қатысты штаб отырысын өткізді

12.04.2024

Мемлекет басшысы штаб отырысында табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін айрықша бақылауда ұстау және бағаның өсуіне жол бермеу қажет екеніне тағы да назар аударды. Сондай-ақ азаматтар үшін әуе және темір жол көліктеріне билеттің қымбаттауына жол беруге болмайтынын ескертті. Жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға бақылауды күшейтіп, көппәтерлі үйлерге, әлеуметтік және басқа да нысандарға дезинфекция жасау жөнінде тапсырма берілді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Малдың өлексесі суға ақты деген сынды ақпараттар келді. Бірақ, оның шындыққа жанаспайтыны анықталды. Сондықтан, эпидемиялық ахуалды қатаң назарда ұстауды тапсырамын.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Эпидемиологиялық жағдай қатаң бақылауда. Пунктерде тәулік бойы жұмыс істейтін кезекшілік қойылған.




Хабарламаларға жазылу