Павлодардан Ақмола облысына 10 тонна жүк жөнелтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардан Ақмола облысына 10 тонна жүк жөнелтілді

12.04.2024

Бүгін Павлодардан Ақмола облысына 10 тонна жүк жөнелтілді. Гуманитарлық көмекті ұйымдастырған Қазақстан халқы Ассамблеясы және өңірдің белсенді жастары. 1 сәуірден бастап облыс орталығында гуманитарлық көмек жинайтын арнайы пункт ашылған. Сол арқылы өңірдегі су басқан алты ауданның тұрғындарына көмек көрсетілді. Ал ендігі жоспар Қостанайлық жерлестерге қолқабыс ету. Бұл ретте этно-мәдени бірлестіктер, еріктілер, жастар ұйымдары және қарапайым тұрғындардың белсенділігі байқалады.

Болатбек Оразбаев, Қырғыз ұлттық бірлестігінің төрағасы:

Бірлік бар жерде тірлік бар деген. Сол жағдайды істеп жатырмыз. Ассамлея 3 млн. теңгенің тауарын жіберіп отырмыз. Қолқабыс беріп отырған өзіміздің әріптестер, жерлестеріміз. Осындай қиыншылықта бірлікте болуымыз керек деп ойлаймын.

12 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жетті

Су тасқынынан зардап шеккен ақмолалықтарға Алматы қаласынан да 12 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жетті. Жүк көлігіне тиелген азық-түлік, жылы киім-кешек сынды тұрмысқа қажетті заттар - Атбасар, Жақсы, Жарқайың, Есіл аудандарына жіберіліп жатыр. Қайырымдылық шарасы «Жүректен жүрекке» жобасы аясында ұйымдастырылған


Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу