Қазақстан Халқы ассамблеясы 7 көлікпен гуманитарлық жүк жөнелтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Халқы ассамблеясы 7 көлікпен гуманитарлық жүк жөнелтті

12.04.2024

Бүгін Астанадан Солтүстік Қазақстан облысына 7 жүк көлігі жолға шықты. Азық-түлік пен қажетті затқа толы керуенді Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері жіберді. Игі іске әріптесім Самал Қабышева куә болды.

Бүгін таңғы сағат жетіден бастап Ассамбляның тәжік этно-мәдени орталығының өкілдері Астанадағы Достық үйінің алдына жиналды. 35 тоннаның затын 7 жүк көлігіне толтырды. Ішінде азық-түлік, көрпе-жастық сынды бірінші қажеттіліктің бәрі бар. Жолға шығатындарға ақ батасын берген Яхия қажы халқының амандығын тіледі.

Яхия Қажы Исмаилов, «Ырыскелді қажы» мешітінің имамы:

Тәжік халқы бір ғасырдан бұрын осы Қазақстанға қоныс аударып, өмір сүріп жатқан бірнеше аймақтарда бар. Біздің дініміз, біздің салтымыз, біздің дәстүріміз осы қайырымдылықты бір-бірімізге деген қамқорлықты бұйырады. Біздің қанымызда бар нәрсе. Сондықтан біз әрқашан да халықпен біргеміз. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ақбаржон Исмаилов су басқан аймақтарға өзі арнайы барып, халықтың жағдайымен танысқанын айтады.

Ақбаржон Исмаилов, ҚХА төрағасының орынбасары – қха республикалық штабының басшысы:

Еріктілерге, төтенше жағдайлар қызметкерлеріне мына Қостанай облысында, Солтүстік Қазақстан облысында күнделікті мың адамға ыстық тамақпен қамтамасыз етіп жатырмыз. Және де бұл жалғаса береді. Жұмысты 24/7 істеп жатырмыз. Чаттар бар. Республикалық штаб нақты қай өңірге не керек екенін біліп, соны жіберіп жатырмыз.

Бүгінге күнге дейін Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері тасқыннан зардап шеккен аймақтарға 600 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберген. Керуен өңір-өңірден аттанып жатыр. Игі іске ассамблеяның 11 мыңнан астам еріктісі жұмылдырылған.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу