Шаған өзені шлюзбен жабылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаған өзені шлюзбен жабылуы мүмкін

12.04.2024

БҚО-дағы Шаған өзенінің деңгейі сағат сайын көтеріліп келеді. Қазір судың көлемі теңіз деңгейінен 30 метр жоғары болып тұр. Салдарынан 30-ға жуық саяжайға қауіп бар. Сондықтан өзенді жабу көзделіп отыр. Шаған өзенін қалай жабуға болады? Бізбен байланыста БҚО-дан әріптесім Нұрсұлтан Тілектес тікеелй байланысқа шығып тұр.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Шаған бүгінде Батыс Қазақстан облысы үшін тек өзен емес, су қоймасы қызметін де атқарады. Мұндағы су теңіз көлемімен өлшенеді. Қазір оның дейгейі 30 метрге тап қалды. Бұл нормадан 8 метрге жоғары. Тұрғындар үйреленіп отыр. Олардың айтуынша, өзеннің суы бұрын-соңды былай көтерілмеген. Сұхбат жазып алған едік, режиссерлар экранға берсе.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Жайыққа құятын Шаған өзені қар еріген кезде бір рет тасыды. Енді су деңгейі түсе бастаған сәтте Жайық көтеріліп, су кері аға бастады. Мамандардың айтуынша, мәселені бір-ақ жолмен, Шағанды жабумен шешуге болады. Жабу деген арнайы қақпамен өзеннің Жайыққа ағатын тұсын арнайы қақпамен бекіту. Бірақ, оған кедергілер бар.

 Шынболат Ермағанбетов, «ҚАЗСУШАР» РМК облыстық филиалының бас гидротехнигі:

Шағандағы суды Жайыққа айдау керек болады. Яғни, насос қондырғыларымен күштеп айдауымыз керек. Бұл арада ондай насосты мен көріп тұрғаным жоқ. 100 текше метр су айдайтын насос, оның шығымдылығы секундына 0,5. Ондай насостың мына жерге 200 данасы керек. Бірақ, оны жеткізіп, орнату қай уақытта бітеді белгісіз.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Шағанды жауып, суын Жайыққа сорғылармен айдау үшін біршама уақыт керек. Ал өңірдегі жағдай жылдамдықты талар етіп отыр. Сондықтан жергілікті билік қандай шешім қабыдайтыны алдағы күндері белгілі болмақ. Егер өзен ернеуінен асатын болса, 4 мыңға жуық халқы бар 30-ға жуық саяжай су астында қалады.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу