«Жүректен жүрекке» акциясы аясында су басқан өңірлерге 390 тонна көмек жіберілді
Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Жүректен жүрекке» акциясы аясында су басқан өңірлерге 390 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Одан бөлек, 400 млн теңгеге жуық қаражат жиналған. ((КСМ)) 11 мыңнан астам ассамблея мүшесі ерікті ретінде әр аймақта жұмыс істеп жатыр. Облыс орталықтарындағы “Достық үйлерінде” көмек қабылдау пунктері ашылған. Қазір Петропавлдағы этно-мәдени бірлестік өкілдері жан-жақтан келген азық-түлік пен киімдерді, ең қажет тұрмыстық тауарлар мен төсек орындарды реттеп, эвакуациялық орталықтарға жеткізіп жатыр.
Наиль Абраев, облыстық «Татар-башқұрт» қоғамдық орталығының төрағасы:
Бұл өте қиын жағдай. Мұндай қиындықты біріксек қана еңсеріп шығамыз. Осыны түсінген тұрғындар да, ассамблеяның барлық мүшесі де барынша көмектесіп жатыр. Жүйесіздік болмас үшін жоспар құрдық. Соған сәйкес, әр этно-мәдени орталық әр түрлі заттар әкеліп жатыр.
Аманкелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 200 шақырымнан астам арық жүйесі тазартылды
12.10.2026, 20:33
Балалардың құқығын қорғау мәселесі жіті бақылауда
12.10.2026, 20:17
Халықаралық сарапшы: Қазақстан адам саудасына қарсы күресті күшейтті
12.10.2026, 20:15
Варшава конференциясында Қазақстандағы реформалар жоғары бағаланды
12.10.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
12.10.2026, 20:11
Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді
12.10.2026, 20:10
Ел экономикасы жеті жылда 300 млрд доллардан асты
12.10.2026, 20:09
Депутаттық корпусты жаңарту мәслихаттардың жұмысын күшейтеді
12.10.2026, 20:05