Алматыдағы «Ақсай» бассейніндегі бөгеттен ақау анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Ақсай» бассейніндегі бөгеттен ақау анықталды

12.04.2024

Алматыдағы «Ақсай» бассейніндегі селді ұстайтын бөгеттен ақау шықты. Оны Төтенше жағдайлар министрлігі анықтаған. Мамандар бөгетті тексере келе, оны салған мердігердің міндеттемелерін орындамағанына көз жеткізіп отыр. Енді нысанның құрылысында қате жіберген компанияның үстінен қылмыстық іс қозғалып, «бюджет қаражатын ұрлау» фактісі бойынша тергеу басталды. Егер бұл бөгет бұзылса, 30 мың тұрғынның өміріне қауіп төндіреді.  

Хабарламаларға жазылу