АҚШ-тың Луизиана штатында дауыл тұрып, тасқын жүрді
Әлемнің кейбір бөліктерінде тасқын су, дүлей дауыл жалғасып жатыр. АҚШ-тың Луизиана штатында дауыл тұрып, тасқын жүрді. Ал Ресейдің Орынбор қаласында 7 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілген. Климаттың өзгеруі Канадада орман өртінің тұтануына ықпал етуі мүмкін.
АҚШ-тың Луизиана штатында дүлей дауыл соғып, алапат су тасқыны жүрді. Табиғи апаттан әсіресе Жаңа Орлеан қаласы зардап шеккен. Мұнда жолдарды су шайып, көлік қатынасы қиындап кетті. АҚШ ұлттық ауа-райы қызметінің хабарлауынша, штаттың оңтүстігінде бірнеше мәрте құйын көтерілген. Жаңбыр мен дүлей дауыл бүгін басылуы мүмкін.
Орынборда 7700 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Ресейде тасқынмен күресіп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Жайық өзенінің суы тағы 44 сантиметрге көтеріліп, он метрден асып кеткен. Осыған байланысты, Орынбор қаласында 7 мың 700 адам эвакуацияланды.
Жалпы алғанда, бұл облыстағы 85 елдімекенле 12 мыңнан астам үйді су басқан. Әсіресе Орск қаласындағы жағдай қиын. Онда 6 жарым мыңдай үй су астында қалды.
Қазақстан мен Ресейдегі ерекше су тасқынына, жаһандық климаттың өзгеруі де себеп болып отыр. Бұндай пікірді Британияның Ридинг университетінің профессоры айтты.
Мария Шахгеданова, Ридинг университетінің климаттық ғылым жөніндегі профессоры:
Көктемдегі су тасқыны әлемнің бұл бөлігінде ешкімге таңсық емес. Мұндай оқиғалар қар басқан жерлерге тән. Дегенмен, тасқын көлемі қыста қанша қар жиналғанына және оның қаншалықты тез еруіне байланысты. Биыл бұл аймақта қыста қар айтарлықтай жиналды. Күн болса, тез жылынды. Температура нөлден 17, 18 градусқа дейін бірден көтеріліп, қарды өте тез ерітіп жіберді. Алапат тасқынның басты себебі де осы. Бұдан да климаттық өзгерістің әсерін көруге болады.
Орман өрті қайта басталуы мүмкін
Канададағы орман өртіне де ғаламдық жылынудың ықпалы зор. Федералдық үкімет тілсіз жау қайта басталуы мүмкін екенін ескертті. Оның мәлімдеуінше, жасыл желектерге тағы да қауіп төнуіне елдің көп бөлігінде көктемде жазғы температураның орнауы себеп. Былтыр Канада өз тарихындағы ең алапат өрттер маусымын бастан кешірді. 6600 өрт ошағы жан-жақты шарпып, 15 миллион гектар аумақты күлге айналдырған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы ұзақ мерзімді стратегиялық бағытты айқындап берді
14.02.2026, 20:10
Тарихи-мәдени мұраның Конституциялық құндылықтар жүйесіндегі рөлі талқыланды
14.02.2026, 20:09
Ақмола облысында мал шаруашылығын дамытуға арналған халықаралық форум өтті
14.02.2026, 20:08
«Референдум-2026» онлайн-марафонына 100-ден астам сарапшы қатысты
14.02.2026, 20:08
Тұсаукесер: Бүгін «Көкжиектен асқан үн» халықаралық шоуы көрсетіледі
14.02.2026, 20:07
Мемлекеттік кеңесші Ішкі саясат мәселелері жөнінде кезекті республикалық кеңес өткізді
14.02.2026, 20:06
Шайдоровтың жеңісін шетелдік БАҚ жарыса жазып жатыр
14.02.2026, 20:06
Астанада 2027 жылы УЕФА-ның 51-конгресі өтеді
14.02.2026, 20:04