Солтүстік Қазақстан облысында 239 тұрғын эвакуацияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында 239 тұрғын эвакуацияланады

09.04.2024

Солтүстік Қазақстан облысы Заречный кентінде тұратын 239 тұрғын эвакуацияланатын болды. Себебі, Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев судың кентке үш күнде жететінін хабарлады. Ол нығайтылған бөгет судың бірінші ағынын ғана ұстайтынын және болжам бойынша 200 үйдің 132-сіне қауіп төніп тұрғанын атап өтті. Осыған байланысты Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр тұрғындарды жедел қауіпсіз жерге жеткізуді тапсырды. Сондай-ақ, Роман Скляр Заречный кенті, Ущев көшесі мен Прибрежное ауылы бойындағы бөгеттерді аралап, Ойқаладағы су тасқынына қарсы қорғаныс бекіністерінің дайындығын тексерді.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу