Сарапшылар: Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер сөз жүзінде қалмауы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер сөз жүзінде қалмауы керек

11.04.2024

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер сөз жүзінде қалмауы керек. Сондай-ақ, оны жүзеге асыру үшін қоғам болып жұмылуымыз тиіс. Алматыда бас қосқан бір топ сарапшы осылай деді. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған жиынға жоғары оқу орындарының оқытушылық құрамы, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері және Құрылтай мүшелері қатысты. Жиында Құрылтайдың ІІІ отырысында айтылған ұсыныстар мен бастамалар зерделеніп, орындалу жолдары талқыланды. Әсіресе, зорлық-зомбылық, жастардың есірткіге еліруі және кәмелетке толмаған балалардың қысым көруі дереу шешілуі тиіс проблемалар, дейді басқосуға қатысушылар.

Айман Омарова, Заңгер, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі:

9-10 жасар балалар да есірткімен айналысып кетті. Бопсалаушылар дегендер бар. Оларды соттайды. Олар күнін көре алмайтындар. Негізі артында тұрғандарды ұстап жатқан жоқ. Және тағы бір айтатын жағдай кемсіту дейді. Мысалы, сот жүйесінде ондай болмау керек. Отырды ма, уақытылы мерзімде шығу керек па бәрінде шығару керек. «Сені шығарамын, сені шығармаймын» деген болмау керек. Заңда ондай болмау керек.

Әсел Назарбетова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы:

Сарапшылардың пікірлеріне қосымша пікірлер ретінде біз тек қана құрылтай мүшелері ғана емес, басқа да сарапшылардың пікірлерін осы көтерілген мәселелерге байланысты жинауға, талқылауға, сараптауға, оған баға беруге мүмкіндіктер жасап отырмыз.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу