ҚР ІІМ: Республикалық маңызы бар жолдардың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ІІМ: Республикалық маңызы бар жолдардың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

11.04.2024

Су басқан өңірлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Боранова Ақтоты брифингте айтты. Оның айтуынша, ұрлық-қарлық фактісі жоқ. Барлық күштер мен құралдар құтқару және қалпына келтіру шараларына бағытталған. Тәртіп сақшылары зардап шеккен 43 елдімекенді және 9 мыңнан астам тұрғын үйлер мен басқа да мекемелерді қорғауына алған. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде 16 мыңнан астам адам құтқарылған. Оның ішінде тікұшақпен 325 адам эвакуацияланған, оның 111-і бала. Қазір 6 облыста республикалық маңызы бар жолдардың 13 учаскесінде көлік шектеу енгізілген. Сонымен қатар, брифингте Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы тасқыннан эвакуацияланған бастауыш сынып оқушылары сауықтыру орталықтарына ата-анасымен бірге баратынын мәлім етті.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу