Атбасар қаласында 100-ден астам үйге су кірді
Ақмола облысының Атбасар қаласында 100-ден астам үй мен мектепке қарғын су кірді. Тағы 200-ге жуық баспана мен екі білім ордасы қауіпті аймақта тұр. Кешелі бері 200-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір қалада 7 уақытша орналыстыру пункті ұйымдастырылған. Алайда, эвакуацияланған тұрғындардың барлығы дерлік туыстарының үйлеріне кеткен. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Қауіп сейілген жоқ. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, Жабай өзенінің деңгейі 6 метрден түспеді. Сондай-ақ, бүгін Бұланды ауданында Жолдыбол өзені арнасынан асып, Иванковка ауылындағы 45 үйге қарғын су кірді. Бұған егістіктегі қардың тез ерігені себеп. Жолды су шайып, қатынас тоқтағандықтан елдімекеннен 52 адам тікұшақпен эвакуацияланды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында жыл сайын 220 мың тал егетін болды
27.04.2026, 17:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026» IX халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті
27.04.2026, 17:27
Алматылық оқушы әлемнің үздік өнертапқыштарының қатарына енді
27.04.2026, 17:25
Зайсандықтар газ күтіп жүр
27.04.2026, 17:20
Жетісу облысының Сарытөбе ауылындағы мектеп әбден тозған
27.04.2026, 17:17
Бауыр ауысқан ағайындылардың жағдайы жақсы
27.04.2026, 17:15
Алматыда БҰҰ цифрлық шешімдер орталығы ашылады
27.04.2026, 17:13
Ауыл шаруашылығын цифрландырудың арнайы картасы әзірленуде
27.04.2026, 17:10