Ақтөбе облысы Қаратал ауылының тұрғындары үшін уақытша баспана керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысы Қаратал ауылының тұрғындары үшін уақытша баспана керек

11.04.2024

Ақтөбе облысының Қаратал ауылының тұрғындары үшін уақытша баспана керек. Қазір олардың дені эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр.

Өңірге барған Мәжіліс депутаттары - Қазыбек Әлішев, Аманжол Әлтай және Асқар Садықов ауыл халқымен кездесіп, мұң-мұқтаждарын тыңдады. Елді мекендегі баспаналардың 90 пайыздан астамы тұруға жарамсыз. Төрт түліктен де шығын көп. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Тұрғындарды алаңдатып отырғаны – үй мәселесі. Екпетал ауылының жұрты түгелдей аудан орталығына көшіріледі. Ал қараталдықтар әлі толық шешімге келмеді. Дегенмен, көбінің өз туған мекендерінен ешқайда кеткісі жоқ.

Халық қалаулылары олардың талап-тілектерін Үкіметке жеткізуге және баспана мәселесін назарда ұстауға уәде берді.

Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жеделдетіп, жылдамдатып осы үй салу мәселесі басталуы керек деп есептеймін. Оған едйін ел уақытша тұратын ағаш үй, палаткалар керек еекенін көріп бара жатырмыз. Сол уақытша тұратын ағаш үйлер мен шатырлар кешіктірілмей жетеді деп ойлаймыз. Алдағы уақытта осы қаратал ауылында сапалы үйлер бойкөтереді деп үміт артамыз.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу