Астанаға іргелес орналасқан Жібек жолы ауылын су басу қаупі сейілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға іргелес орналасқан Жібек жолы ауылын су басу қаупі сейілді

11.04.2024

Астанаға іргелес орналасқан Жібек жолы ауылын су басу қаупі сейілді. Бұл туралы Аршалы ауданы әкімінің орынбасары айтты. Дегенмен елдімекеннің 6-шағын ауданда жұмыс тоқтаған жоқ. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін салынған 4 жарым шақырым бөгетті нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Оған ауыл тұрғындарымен қатар Астанада барған Ұлттық ұлан сарбаздары мен құтқарушылар, құрылысшылар және Қарағандының төтенше жағдай департаментінің курсанттары атсалысуда. Қазірге дейін бөгетке 2300 тонна инертті материал әкелініп, 35 мың қап төселген. Бұдан бөлек, ауыл тұрғындары тәулік бойы әскери қызметшілер мен құтқарушыларды ыстық шай мен ыстық тамақ қамтамасыз етіп жатыр.

Ержан Жолымбеков, Аршалы ауданы әкімінің орынбасары:

Камаз жүріп жүр, 5 үлкен тиегіш пен 1 бульдозер істеп жатыр. 200 адам істеп жатыр жұмысты. Су Астана су қоймасынан келіп жатыр 3 күн болды мынау 6 микрорайонға. Дамбдыны жасап жатырмыз 4,5 км. Үш күн бұрын тоқтап қалды су.


Хабарламаларға жазылу