Талапкер ауылын су басу қаупі төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талапкер ауылын су басу қаупі төмендеді

05.04.2024

Астана іргесінде Талапкер ауылын су басу қаупі төмендеді. Елдімекенде түнде жасанды канал суға толып, бөгеті жарылған кезде 26 үйдің ауласына су кірген. Төтенше жағдай мамандарының дерегінше қазір барлық үйдің ауласындағы су арнайы техникалардың көмегімен тазартылған. Құтқарушылар инертті материалдарды төсеу жұмыстарын жүргізген.

Ерік Жиенбеков, Целиноград ауданы әкімінің орынбасары:

Қазіргі уақытта 30 төтенше жағдайлар департаментінің азаматтары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта 2 мыңнан артық қапқа салынған құм дайын тұр. Кешегі инерттің материалдардың бәрі дайын тұр. Қазір каналдың бойынша полителен төсеп, жағдайын жасауға тырысамыз. Жағдай бақылауда.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу