Семейде гуманитарлық көмек жинайтын бірнеше пункт ашылды
Семейде су басқан өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасып жатыр. Қалада бірнеше пункт ашылды. Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдігінде «Жүректен жүрекке» акциясы ұйымдастырылып, тасқыннан зардап шеккендерге көмек беруді бастады. Қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер, ұлттық мәдени орталықтар қолдау білдіріп жатыр. Тасқынмен күреске 700 ден астам волонтер жұмылды. Қарғын судан жапа шеккен тұрғындарға 35 миллионға жуық қаржы жиналды.
Қазір өңірде жағдай тұрақталғандықтан белсенділер өзге облыс тұрғындарына жәрдемдесуде.
Айдос Төлеуханов «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының жетекшісі:
Біздің аудандардағы ахуал тынышталып бір қалыпқа келген болатын. Бірақ, десе де басұқа өңірлерде, басқа облыстарда су тасқыны тоқтар емес. Барлығымызды алаңдатуда. Біз енді Абай облысы болып, Абай облысының жастары болып арнайы гуманитарлық көмекті құрып отырмыз. Осындай кезде еліміз өзінің бірлігін көрсету керек деп ойлаймын.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылдың басты көрсеткіштері мерекелік билбордтарда
22.10.2026, 18:26
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17