Солтүстік Қазақстан облысындағы 219 елдімекен қауіпті аумақта тұр
Солтүстік Қазақстан облысындағы 219 елдімекен қауіпті аумақта тұр. Қазір Сергеев су қоймасының толымдылығы 2 пайызға төмендеді. Қазір қойма 176 пайызға толып тұр. Таңертең 179 болған еді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов хабарлады. Бірақ өңірде ахуал әлі де күрделі.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Соңғы ресми мәлімет бойынша Сергеев қоймасы 395 см-ге арнасынан асып тұр. Бұл өткен күнмен салыстырғанда 30 см-ге төмен. Бірақ әлі күнге дейін Петропавл қаласы мен Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандарын су басу қаупі бар. Жалпы, 219 елді мекенді сондай қауіпті аймақта. Бүгін өңірге мәжіліс депутаттары келді.
Казгидрометтің хабарлауынша қоймадан шыққан артық су Петропавлға 12-сінде жетуі мүмкін еді. Бірақ жергілікті биліктің есебінше қызыл су бүгін кешке де келуі ықтимал. Есіл ауданына 14-не қарай және 23-сәуірге дейін жалғасуы мүмкін. Сондықтан жан-жақтан келген ТЖМ күштері, еріктілер күн түн демей арықтарды тазалап, елдімекендердің айналасын қорғанмен нығайтып жатыр. Бұл іске 2 мың адам, 200 техника жұмылдырылған. Ал өңірде 59 жол учаскесінің үстін су шайып, 17-сінде ағын қатты болып тұр. Қар жамылғысы 20 пайызға дейін төмендеген.
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05