Басты Жаңалықтар Су тасқыны: Торғайдағы адамдар үйлеріне оралып жатыр

Су тасқыны: Торғайдағы адамдар үйлеріне оралып жатыр

Қостанай облысы Жангелдин ауданындағы эвакуациялық пункттерде тұратын 600-ден астам адам өз ауылдарына қайтты. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов өңірдегі жағдай туралы брифингте баяндады. Еріген қар суы басқан аймақтардан 9 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Халық азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген.

Арман Әбенов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:

Біржолғы әлеуметтік төлемдер төлеу басталды, сондай-ақ демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетілуде. Бүгінгі таңда 686 отбасына 126,6 млн теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленді.


Бөлісу