Ресейдің үш өңірінде төтенше жағдай режимі ұзартылды
Көршіміз Ресейде де, жағдай мәз емес. Ресейдің 40-қа жуық өңірі, 200-ден астам елді-мекен көктемгі су тасқынымен күресуде. Орынбор облысына арнайы ұшақпен төкпелі дамба жеткізілді. Ал Орынбор қаласының әкімі, Жайықтағы су деңгейі 1010 сантиметрге жеткенін хабарлады.
Эвакуация жалғасуда. Орскіде 7 мыңнан астам үй су астында қалды. РосГидрометтің болжауынша, Қорған облысында ертең су межеден асуы мүмкін. Тобыл өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, жұмысшылар бөгетті нығайтуда. Кейбір аудандарда профилактикалық эвакуациялау жүргізіліп жатыр, қазірдің өзінде 700-ге жуық тұрғын қауіпті аймақтан көшірілді. Орынбор, Түмен, Қорған облыстарында төтенше жағдай режимі ұзартылды.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда Үстірт тау қойы көбейіп келеді
27.03.2026, 13:24
Фермерлер топырақтағы көміртекті сақтау квоталарын сату арқылы табыс таба алады
27.03.2026, 13:21
Трамп мәлімдемесінен кейін мұнай 1%-ға арзандады
27.03.2026, 13:18
Зеленский Парсы шығанағы елдеріне дрон ұсынды
27.03.2026, 13:15
Сәуірден бастап көлік салығын төлемегендерге өсімпұл қосылады
27.03.2026, 13:12
Еуразиялық үкіметаралық кеңесте 12 құжат қабылданды
27.03.2026, 13:09
Шымкентте «Digital Qazaqstan» форумы өтіп жатыр
27.03.2026, 13:06
Alatau City: Заң екінші оқылымда мақұлданды
27.03.2026, 13:03