Су тасқынынан зардап шеккен өңірден 150-ге жуық оқушы Алматы облысындағы лагерлерде демалады. Бүгін Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарынан келген 70 бала Еңбекшіқазақ ауданындағы сауықтыру орталығына орналастырылды. Қалғандары Талғар ауданындағы лагерьлерге жіберіледі. Балаларға барлық қажетті жағдайлар жасалып, бес уақыт тамақпен қамтылған. Мектеп бағдарламасын қашықтан оқиды. Сонымен қатар, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, түрлі спорттық, шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылады. Орталық басшысы су тасқынынан зардап шеккен балаларды қабылдау туралы ұсынысты қуана қабылдағанынан айтады. Ең бастысы оқушылардың санасын сергітіп, психологиялық демеу көрсетіп, ақпаратты дұрыс қабылдауды үйрету - басты міндетіміз дейді.
Мира Құдабаева, балаларды сауықтыру орталығының директоры:
Азаматтық Отанымызға деген позициямызды көрсету үшін. «Немен көмектесе аламыз?» деп қазір әрбір қазақтың сұрағында бар ғой бұл сұрақ. Қолымыздан, шамамыздың келіп тұрған 15 күн балалар ең болмағанда ыстық тамақтары дұрыс, төсек-жайлары жайлы болсын әрі оқу процесінен алыстап қалмасын, білімдерін таза ауада, осы жерде ары қарай жалғастарысын деген ниетпен 70 баланы тегін қабылдауға жөн көріп, осылай балаларды қабылдадық бүгін.
Қуан Нұрақын