Францияның Бретань өңірін су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияның Бретань өңірін су басты

10.04.2024

Францияның Бретань өңірін де су басты. Сен-Мало қаласында, толқындар бөгеттен тасып, көшені су басқан. Аймаққа «Пьеррик» дауылы екпінді жел әкелді. Жергілікті билік, ауа райының күрт бұзылуына байланысты ескерту жариялады. Дүлей дауылдан Францияның кейбір өңірінде көлік қатынасы қиындады. Ал кейбір аудандарда қауіптің сарғылт түсі жарияланған.

Тасқынға қатысты 100-ге тарта ескерту жасалды

Англияның оңтүстігінде дамылсыз нөсер жауыннан кейін, алапат су тасқыны жүрді. Өзендер арнасынан асыып кетті. Теміржолдарды су басты. Су жайылған ЛитлХэмптон қаласынан 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Батыс Сассекс графтығында тасқын суға қатысты 100-ге тарта ескерту жасалды. Оның үстіне, Англияға бірнеше күн қатарынан «Кэтлин» дауылы соққы берген еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу