Тасқын кезінде ақ халатты абзал жандар да жабырқаған жандардың қасынан табылды. Басы ауырып, балтыры сыздағандарға ем-дом жасады, көңілі түскендердің еңсесін көтеруге тырысты. Дәрігерлер эвакуациялық пункттердегі жүздеген тұрғынға қазір де көмек көрсетіп жатыр. Психологтар алыс аудандарға да арнайы барған.
Баланың да, ананың да тілін тауып, оларға медициналық көмек көрсетіп жүргендердің бірі – Жанар Томаева. Ол номері 31-інші мектептегі эвакуациялық орталықта күні-түні қызметте. Дәрігерлер тасқынның алғашқы күндері өте қиын болғанын айтады. Әсіресе, үлкен кісілердің арасында қан қысымы көтеріліп, жүйкесі сыр бергендері көп болыпты.
Жанар Томаева, мейірбике:
Келген кезде ата-аналардың жағдайы қиын болып, давлениелері көтерілді, қиын жағдайда, шоктаболды.Солардың барлығымен сөйлесіп, орындарынакелтіріп, успакоит етіп адамдардың бәрін орналастырдық.
Бұл эвакуациялық орталыққа тасқыннан зардап шеккен 130 адам келген. Оның дені – бала. Серік Әкімбаев олардың бәрінің бірдей көңілін тауып жүр. Әсіресе, баспаналары су астында қалып, еңсесі түскен тұрғындарды жұбату оңайға соқпаған.
Серік Әкімбаев, дәрігер-психолог:
Қимастық жағдайда болды. Қарт кісілер көп болды.Жатқан кісілер болды.Жерін қимады, үйін қимады. Жалпы шағымдары – біз қайда барамыз деген сөз болды көбінге.Жылап, әйел адамдар эмоциялық тұрақсыз болды.Сол адамдарға психологиялық көмектер көрсетіліп жатыр.
Серік Әкімбаевтің өзі тасқын басталғалы ондаған адамға психологиялық көмек көрсеткен. Тәжірибелі маман облыс бойынша табиғи апаттан ең көп залал келген Ойыл ауданына да арнайы барып, тұрғындармен кездесіп келді. Сол жақтағы қарт кісілердің бірінің әрекеті ерекше есінде қалыпты.
Серік Әкімбаев, дәрігер-психолог:
Халық жыласа, жылайды, күлсе, күледі.сол кісіге өте қиын болды көмектесу. Өйткені айтқан сөзді түсініңкіремеді. Сол әже есімде қалып қойды. Жан-жағының жылауын тоқтатуды сұрады. Жан-жағындағылар тоқтаған кезде ол кісі тынышталды.
Су тасқыны басталғалы дәрігерлердің жұмысы еселеп артты. Алайда, олар уақытпен санаспай, өз міндеттерін адал атқарып келеді.
Әсел Шөкенова, №2 қалалық емхананың дәрігері:
Оңай емес жұмыс, ночной дежурство деген болды.Күндіз жүрді қыздар. Мұғалімдер – бәріміз бірлесе жұмыс істедік.Дәрілерді,бәрін уақытнда әкелді. Көмек болды бірталай.
Қазір Ақтөбедегі эвакуациялық пункттердегі тұрғындардың көбі үйлеріне оралған. Ал дәрігерлер болса, орталықта соңғы адам қалғанша қызмет көрсетуге әзір.
Жақсыбек Кемал