Батыс Қазақстанда қауіп әлі сейілген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда қауіп әлі сейілген жоқ

10.04.2024

Батыс Қазақстан облысында қызыл судан қауіп әлі сейілген жоқ. Жайық өзенінің су деңгейі әлсін-әлсін көтеріліп келеді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіштің айтуынша, қазір өзендегі су деңгейі - 713 см. Орал қаласы мен облыстың 7 ауданын су басу қаупі бар. Сондықтан тұрғындарға ескерту жұмыстары жүргізіліп жатыр деді.

Ақтөбе облысында жағдай тұрақтала бастаған. Төтенше жағдай салдарынан, аймақта 646 абонент электр энергиясынан ажыратылған. Барлық тұрғынға дизельді генератор берілген. Облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, 11 елдімекенмен жол қатынасы үзілген жеткізді. Су кеткен соң, қалпына келтіру жұмыстары басталады.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райы өзгеруінен, таулы аймақтардағы өзендерде су көтерілуі мүмкін. Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының айтуынша, қазір қауіп жоқ .


Хабарламаларға жазылу