Ұлттық құндылықтарды қазіргі заманға сай насихаттау жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құндылықтарды қазіргі заманға сай насихаттау жайы талқыланды

10.04.2024

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар. Ұлттық құндылықтарды қазіргі заманға сай насихаттау керек. Бұл туралы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырған дөңгелек үстелде айтылды. Жиында сарапшылар ұлттық құндылықтарды дамыту арқылы ұлттық бірлікті нығайту бойынша пікір білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, мәдени мұраның маңызы, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру жайы, этносаралық өзара іс-қимылды нығайтут мәселесі талқыланды.

Талғат Қалиев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры, ұлттық құрылтай мүшесі:

Қазақстан өзі ысыраптан сақ болатын кезінде. Бәрін оймен жасайтын, шығынды оймен шығаратын. Қазақта обал деген құндылық бар еді өте маңызды. 03:06 Соның бәрін бүгін көтеру керекпіз деп ойлаймын. Өйткені, біздің ата-бабамыздан келе жатқан бірталай дәстүрлі құндылықтар бар. Ол ешқашан ескірмейтін кейбір сондай құндылықтар бар. Соның бәрін біз әрқашан ұстанып жүруіміз керек деп ойлаймын. 


Хабарламаларға жазылу