Биыл 12 мың шақырым жол салынып, жөнделеді – ҚР Көлік министрлігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 12 мың шақырым жол салынып, жөнделеді – ҚР Көлік министрлігі

10.04.2024

Мемлекет басшысы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда, "Биыл 12 мың шақырым жол салынып, жөнделеді",-деді. Көлік министрлігі бүгін қандай жолдар жөнделетінін нақтылады. 12 мың шақырымның шамамен 5 мыңы республикалық, тағы 4 мың километрі жергілікті маңызы бар жолдар. Ал қалғаны/ 15 өңірдегі жөнделетін жолдар деп отыр. Тағы бір айта кететін жайт, салынып біткен Республикалық маңызы бар жолдар ақылы болады.

Нұртілек Хасенов, ҚР көлік министрлігі, автомобиль жолдары комитетінің үкіметтік қарыздарды жүзеге асыру басқармасының бас сарапшысы:

«Қарағанды-Балқаш-Алматы», «Талдығорған-Өкемен», «Ақтөбе-Қандыағаш» және «Атырау-Астрахань» сияқты жобаларды аяқтаймыз. Соынмен қатар жергілікті жердегі аудандық, облыстық маңызы бар жолдарды 4 мың, 2 мың шақырым жолдар жөнделіп, жұмыстар жүргізілетін болады. Сонымен қатар 2,5 шақырым жолды Еуразиялық даму банкі қаражаты есебінен, көп деген жолдарды жөндей жоспарымызда тұр.


Хабарламаларға жазылу