Біз Есіл ауданындағы Покровка ауылынан тікелей байланысқа шығып тұрмыз. Бұл жерде 3 көшені су басқан. Мұнда үш күннен бері эвакцуация жүріп жатыр. Елді мекенде 600-ден астам отбасы тұрады. Осы сәтке дейін 106 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. 20 адам жергілікті колледждің жатақханасына орналасты. Әкімдік өкілдерінің айтуынша тұрғындардың басым бөлігі туыстарының үйіне кеткен. 105 бас мал жергілікті шаруашылықтың базында тұр. Кәсіпкер төрт түлікті тасқын аяқталғанша жем-шөппен де қамтамасыз етеді. Покровка ауылының жанындағы республикалық маңызы бар Петропавл-Жезқазған трассасында орналасқан көпір жабылды. Төтнше жағдай қызметі суды өткізу үшін ар жағындағы жолды қазуға мәжбүр болған. Көпірде полиция қызметкерлері кезекшілік атқаруда. Олар қауіпті аймаққа ешкімді өткізбейді.
Эльмира Кәленова