Мал өлексесін жою жұмыстары республикалық эпизоотияға қарсы отрядқа жүктелген
Су тасқыны кезінде өлген малдардың құнын өтеу алгоритмі әзірленді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин хабарлады.
Шығын көлемін анықтау үшін жергілікті әкімдіктермен арнайы комиссия құрылған. Су тасқыны салдарынан, өлген жануарларының иелері малдары туралы мәліметтерді көрсете отырып, сол комиссияға өтініш беруі керек. Кейін оның меншік құқығы анықталады. Әр малдың құнын анықтау да, осы алгаритмде көрсетілген.
Олжас Тілебалдин, ҚР АШМ ресми өкілі:
Меншік иелеріне өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросы жариялаған жануарлардың түрлері, жынысы мен жас шамасы бойынша нарықтық құны туралы мәліметтер негізінде айқындалатын болады. Жалпы, су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы эпизоотиялық жағдай, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне келтірілген шығынды өтеу мәселелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында.
Жедел деректер бойынша, өлген мал саны 8 мың бір жүз бас, оның ішінде ұсақ мал – 6 мың, ірі қара – 1,5 мың, жылқы – 514 бас. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд жануарлардың өлекселерін жою жұмыстарын қарқынды жалғастыруда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте «Таза Қазақстан – ортақ үйіміз» дөңгелек үстелі өтті
05.03.2026, 17:37
Шалқар ауданында екі спорт кешені ашылды
05.03.2026, 17:36
Skills Enbek: 27 мың адам онлайн курстан өтті
05.03.2026, 17:34
Ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты $7 миллиардқа жетті
05.03.2026, 17:33
Шаруалар жерді өңдегені үшін қаржы ала алады
05.03.2026, 17:31
Конституциялық жоба – әділетті қоғамның негізі
05.03.2026, 17:29
Т.Минуллина: Саяси реформалар инвесторларды құлшындырады
05.03.2026, 17:24
К.Кильюнен: Адам мүддесі алдыңғы орынға шыққаны маңызды
05.03.2026, 17:21