Ораза айт – ізгілік мерекесі
Бүгін таң алагеуімнен елімізде айт намазы оқылды. Отыз күн ораза тұтқан адамдар, ізгі амалмен сабақтасқан айт мерекесін тойлауды бастады.
Жалпы, Ораза айт намазы күн найза бойы көтерілгенде, яғни күн шыққаннан кейін 45 минут өткен соң мешіттерде оқылады. Елордадағы бас мешіт жамағатқа лық толы болды. Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел азаматтарын қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бұл күндері сынақты күндерді бастан кешіп жатқан жұртымызға қол ұшын беріп, жүректеріне қуаныш ұялатуға шақырды.
Наурызбай Қажы Тағанұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:
Жерлестерімізге қол көмегін берсек, материалдық көмектессек, өте үлкен сауап. Өйткені бұл күні барлық мұсылмандар қуану керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14