Жайықтың су деңгейі көтеріліп келеді
Жайықтың су деңгейі көтеріліп, қаладан небары 30 шақырым жердегі Талдыкөл ауылына жетті. Елдімекенді тасқыннан тұрғындар салған бөгет сақтап тұр. Қазір ауыл тұрғындары түгел бірігіп, дамбыны нығайтып жатыр. Жағдайды тікелей эфирге шыққалы тұрған тілшіміз Нұсұлтан Тілектес егжей-тегжейлі баяндайды.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Біз қазір Атыраудан небары 30 шақырым жерде орналасқан Талдыкөл ауылындамыз. Ауыл өткен аптадан бері су тасқынынан тұрғындар салған бөгеттің арқасында аман тұрған. Алайда, Жайықтың суы көтеріліп, жағасында орналасқан елдімекенге міне көріп тұрсыздар қызыл су жетті. Қарап, шамамен өлшеп тұрмыз, деңгейі бір жарым метрге жететін су бөгетке тіреліп тұр. Бұл бөгетті ауылдың 200-ден астам тұрғыны, 10 күн бойы көтеріпті. Қазір осы жұмыстардың барлығын ұйымдастырып жүрген, ауыл белсендісі Ардабай Қосаевпен сөйлесейік. Біз бірталай құм салынып, дайындалған қаптарды көрдік, ол бөгетті нығайту үшін қажет пе?
Ардабай Қосаев, Талдыкөл ауылының тұрғыны:
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Талдыкөл ауылымен Жайық өзенін небары 10 метр ғана бөліп тұр сондықтан тұрғындар аздап үрейленіп отыр. Облыста Жайық өзенінің жағасында орналасқан екі аудан бар. Олар Махамбет пен Індер. Бұл аудандарда да қазір бөгет салу жұмыстары жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Ал, қала маңында өткен тәулікте 30 шақырымға бөгет тұрғызылған. Айта кету керек, қазір Атырау қаласының өзі 107 қауіпті учаскеге бөлініп, тұрғын үйлер мен қатар инфрақұрылымдық обьектілерді қорғауға үлкен көңіл бөлініп жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22