Атыраудағы Жайықтың деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы Жайықтың деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр

09.04.2024

Атыраудағы Жайықтың деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр. Мәселен, айналасы бес күннің ішінде өзеннің Индер ауданы жақ бөлігіндегі гидрологиялық бекет, су деңгейінің 216 см көтерілгенін көрсеткен. Бұл тасқын қауіпінің күшейгенін білдіре ме? Осы сұрақтың жауабын Қазгидромет мамандарымен бірге Жайық жағасында мониторинг жүргізіп жүрген әріптесім Жандос Темірғалиден білейік.

Жандос Темірғали, тілші:

Таңертеңгі көрсеткіш бойынша жайықтың деңгейі бірден 30 см өскені анықталды. Өзен суы айналасы бес күнде 1 метрге көтрілген. Біз қазір, тұрғындар Әлиев деп атап кеткен қаланың орталығында орналасқан көпірдің маңында тұрмыз. Жайық бойындағы 5 гидробекеттің біреуі осында орналасқан. Қазгидромет мамандары әрбір 4 сағат сайын мына бетон тіреуге сызылған шкаланы тексереді. Біздің эфир де осы гидрологтардың мониторинг жүргізетін уақытына тұспа – тұс келіп тұр.

Жандос Темірғали, тілші:

Жайықтың бастауында орналасқан Ирикла су қоймасынан қазір секундына 1670 текше метр су ағуда. Бұл дегеніңіз өзен алабына секунд сайын 1 млн 670 мың литр су құйылып жатыр деген сөз. Бізде өзен жағасын бекітіп, қарекет етіп қалу үшін 15 күндей уақыт бар. Қазір 9 мыңдай ерікті мен 500 техника тасқынға тосқауыл қою үшін жанталасып жатыр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу