Төтенше жағдай жарияланған аймақтарда әлеуметтік төлем ұзартылады
Атаулы әлеуметтік төлем автоматты түрде ұзартылады. Мұндай мүмкіндік төтенше жағдай жарияланған қала мен аудан тұрғындарына беріліп отыр. Яғни, бұл көмекті алып жүргендердің төлемі жылдың екінші жартысында автоматты түрде ұзартылады. Ешқайда барып, құжат өткізудің қажеті жоқ. Ал бұл қызметке бірінші рет жүгінетіндер өтінішті электронды үкімет порталы арқылы бере алады. Ол үшін E-Gov сайтына кіріп, тіркеуден өтіп, онлайн сұрау батырмасын басу қажет. Өтінімге электронды цифрлық қолтаңба немесе ұялы телефонға келген құпия сөзді теру арқылы қол қойылады. Жеке щот «Қазпоштадан» немесе «Халық Банкінен» ашылуы тиіс. Өтінім 15 күннің ішінде қаралады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03