Бұқтырмадан еш қауіп жоқ – мамандар
Еліміздегі ең үлкен Бұқтырма су қоймасы әлі шектік мөлшерге жеткен жоқ. Оның жалпы сыйымдылығы 50 миллиард текше метр. Қазір жасанды бассейінде 60 пайыз ғана су бар. Сондықтан облыстағы осы саланы қадағалайтын инспекция мамандары Бұқтырмадан еш қауіп жоқ деп отыр. Ал Өскемен және Шүлбі гидро электр сатанцияларына 90 пайыздан астам су жиналған. Шүлбі станциясының сыйымдылығы 99 миллион текше метр болса, бүгінге дейін 96 милион текше су жиналған. Бұл қос гидро электр нысандағы суды кез келген уақытта реттеуге болады.
Ернар Мәдиев, «Ертіс» бассейндік су инспекциясы басшысының орынбасары:
Бұқтырма су қоймасында белгіге дейін әлі 40 пайыз су қабылдай алады. Ол көп жылдық реттеу болып есептеледі. Өскемен су қоймасы 634 миллион текше метр су. Ол 96, 8 пайызды құрайды. Өскемен ол 100 пайызбен де істей алады. 90 мен 100 пайыздың арасында. Өйткені ол Бұқтырма су қоймасының су реттегіші. Бір күндік және апталық реттеумен. Бір күнде толтыра алады. Бір күнде босата алады. Онда ешқандай қауіп жоқ.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10