Ресейдің бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі енгізілді
Ресейдің Түмен, Қорған облыстарында көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Орынбор облысында да жағдай әлі күрделі. Бізбен байланысқа Ресейдегі тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр.
Индира Бегайдар, тілші:
Ресейдегі көктемгі су тасқынынан келген шығын қазірдің өзінде 21 миллиард рубльге жеткен. Жалпы елде 40-қа жуық өңір су тасқынынан зардап шекті. Мәселен, Түмен облысында 20 ауыл су астына кетуі мүмкін. Қорған облысының 19 мыңнан астам тұрғынына тасқыннан қауіп төніп тұр. 4 мың үйді су басуы ықтимал.
Соңғы күндері Ресейдің 39 аймағында 10 мың 400-ден астам үйге су кірді. Ең қиын жағдай - Орынбор облысында. Орск қаласында жұма күні дамба жарылып, 4 мыңға жуық үй су астында қалды. Орынбор қаласының су басуы мүмкін аудандарының тұрғындары да қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтті
27.04.2026, 10:19
Ең ұзын тирамису Гиннестің рекордтар кітабына енді
27.04.2026, 10:17
«Сазген сазы» ансамблі Венада өнер көрсетті
27.04.2026, 10:14
Түрік оқушылары арасында Қазақстан тақырыбында сайыс өтті
27.04.2026, 10:09
Қазақстандық жас инженерлер әлемдік жарыста көш бастады
27.04.2026, 10:08
Израиль Ливанға cоққы берді
27.04.2026, 10:06
Иран-АҚШ келіссөзі өткен жоқ
27.04.2026, 10:04
Кадр даярлау мәселесі қайта қаралып жатыр
27.04.2026, 10:01