Ақтөбеде тасқынмен күреске тәжірибелі мамандар да атсалысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде тасқынмен күреске тәжірибелі мамандар да атсалысып жатыр

09.04.2024

Жас та, жасамыс та тасқынға қарсы жұмыстардың бел ортасында. Ақтөбелік тұрғын Хасен Жүсіпов ұзақ жыл қалалық тұрғын үй комуналдық шаруашылығы бөлімінде еңбек еткен. Сондықтан, тасқынға қарсы жұмыстарда тәжірибесі мол. Ол қазір Садовое ауылының сыртындағы бөгетті бекіту жұмыстарының басы-қасында жүр.

Хасен Жүсіпов, қала тұрғыны:

Көмекке шақырып, осында жүрмін қазір. Ақыл-кеңес, басында, қалай істеу керек, қайтіп деп. Қауіп бар шайып кетуіне. Кеше келгелі, түні бойы да әскерлер келіп, бітеу жұмыстарын істеп жатырмыз.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу