СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларға 3 мыңнан астам адам жұмылдырылды
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларға 3000-нан астам адам жұмылдырылды. Премьер-Министр Олжас Бектенов Петропавлда Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елдімекендерді. Су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексеріп шықты. Тепличное және Кожевенная ауылдарындағы қорғаныш үйінділерінің жағдайын қарап, 2017 жылғы су тасқынынан кейін жүргізілген жұмыстардың есебін тыңдады. Үкімет басшысы қосымша күштер мен техниканы ескере отырып, мамандарға бөгеттерді нығайту жұмыстарының қарқынын жеделдету керектігін атап өтті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Жұмысқа жеке құрам мен Ұлттық ұлан жұмылдырылды. Полк те күшейтіледі. Қорғаныс министрлігі қосылды, сондықтан күш жеткілікті болуы керек. Қазір күш біріктіруіміз керек. Алдағы 2-3 күнде ауыр зардаптардың алдын алу үшін көп жұмыс істеу керек. Ең алдымен адамдар зардап шекпеуі маңызды.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 200 шақырымнан астам арық жүйесі тазартылды
12.10.2026, 20:33
Балалардың құқығын қорғау мәселесі жіті бақылауда
12.10.2026, 20:17
Халықаралық сарапшы: Қазақстан адам саудасына қарсы күресті күшейтті
12.10.2026, 20:15
Варшава конференциясында Қазақстандағы реформалар жоғары бағаланды
12.10.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
12.10.2026, 20:11
Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді
12.10.2026, 20:10
Ел экономикасы жеті жылда 300 млрд доллардан асты
12.10.2026, 20:09
Депутаттық корпусты жаңарту мәслихаттардың жұмысын күшейтеді
12.10.2026, 20:05