Қостанай облысындағы қоймаларда су деңгейі төмендеп келеді
Қостанай облысында бүгінге дейін тасқыннан зардап шеккен 587 отбасыға 107 млн теңге көлемінде әлеуметтік төлем берілген. Аймақта жағдай тұрақталып келеді, бірақ, қорғану жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірдегі қазіргі жағдайды тілшіміз Аманкелді Сейтхан баяндайды.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Облыс әкімдігінің мәліметінше, тасқынның жоғарғы шегі өтіп, қоймалардан су жіберу деңгейі төмендеген. Мәселен, Қаратомар су қоймасынан су ағызу секундына 2640 текше метрге дейін азайтылған. Сондай-ақ, Жоғарғы Тобыл және Желқуар су қоймалары бойынша да су ағызудың төмендеуі тіркелген. Соның нәтижесінде, Тобыл өзеніндегі су деңгейі 56 см-ге, Әйет өзенінде 63 см-ге төмендеген. Жалпы, облыс бойынша жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Бірақ, облыстың оңтүстік аудандарындағы Торғай, Дәмді және Қабырға өзендерінде әлі де жоғары деңгей сақталып отыр. Қалған өзендерде негізінен су деңгейі төмендеген.
Аманкелді Сейтхан
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05