Маңғыстау азаматтары атыраулық құтқарушыларға көмек көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау азаматтары атыраулық құтқарушыларға көмек көрсетті

09.04.2024

Атырау облысы Жылыой ауданына баратын жолдарды су шайып кетті. Көршілес Маңғыстауға ғана қатынас бар. Көрші облыстың азаматтары жылыойлықтарға барынша қолдау көрсетіп жатыр. Олар жаға бекіту жұмыстарында жүргендерге ыстық тамақ таратты. Қолдау білдіре келген ақтаулықтар 30 мың адамға жететін азық-түлік пен қажетті заттарды кеше Құлсарыға жеткізді. Осында жаға бекіту жұмысын істеп жатқан 2 мың адамға ыстық тамақ үлестірді.

Хайдар Жалғасбаев, Құлсары қаласының тұрғыны:

Маңғыстау облысынан көптеген көмек келіп жатыр. Қаншама малды малдай, жанды жандай дегендей, 20-30 қойын алып келді. Сол тамақты ысырап қылмай, жан-жаққа кетпей соның бәрін пайдалану үшін осы ауылдың халқына деп өзінің адамына дейін, поварына дейін әкеліп осы жерде бәрін ұйымдастырып жасап жатыр.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу