Жем өзенінің жағасын бекіту жұмыстары жалғасып жатыр
Жылыой ауданында су деңгейі төмендегенімен, қауіп әлі де бар. Қазір мұнда құтқарушылар мен әскерилер тұрғындармен бірлесіп, жаға бекіту жұмыстарымен айналысып жатыр. Құлсарыдағы ахуалды әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіттен білейік. Нұрсұлтан, эвакуацияланған тұрғындардың жағдайы қалай?
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Мұнда ахуал бірқалыпты. Бүгін су деңгейі төмендеді. Бірақ қауіп толық сейілді деп айтуға ерте. Құлсары қаласының маңындағы Тұрғызба ауылынан 450 адам Маңғыстау облысына эвакуацияланды. Тағы айта кететін жайт, көшірілген тұрғындардың балалары сабақтарын онлайн форматта жалғастырады. Олар Құлсары қаласынан Теңіз кен орнындағы вахталық қалашыққа, Атырау қаласына эвакуацияланғандар. Ал Маңғыстау облысына бет алған ата-аналардың балалары сол өңірдің білім беру бөлімдерінде оқытылмақ. Бүгін Жылыойдан қауіпсіз жерге көшірілгендердің саны 31 мыңнан асты. Айта кетейік, Жем өзенінің суы көтеріліп, Құлсарыны су алып кеткен болатын. Тасқынның зардабын жою үшін өзен жағасын бекіту жұмыстары әлі де тоқтаған жоқ. Түнгі сағат 1-де 11 жерден судың бөгеттерді бұзып өту қаупі байқалды. Сондықтан Ұлттық ұлан мен Батыс өңірлік қолбасшылығынан 530 сарбаз түні бойы жұмыс істеп, ауылдарды топан судан аман алып қалды. Сонымен қатар төтенше жағдай департаменті мен полицияның 1000-нан астам қызметкері, 5000-дай қала тұрғыны күні-түні бөгеттерді нығайтуға атсалысып жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09