«ASAPES» түркітілдес елдер үшін тегін оқыту грантын ұсынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ASAPES» түркітілдес елдер үшін тегін оқыту грантын ұсынуда

08.04.2024

«ASAPES» түркітілдес елдер үшін «Мерген» стипендиялық бағдарламасын іске қосты. Аясында түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердің азаматтары тегін білім ала алады. Яғни, Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының, Түрікменстанның азаматтарына тегін оқу мүмкіндігі ұсынылуда. «Мерген» степендиясы Әзербайжан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясының бастамасымен қолға алынды. Ол жерде студенттер оқу ақысы мен тұру шығындарын қоса алғанда магистратурада тегін оқиды. Магистранттар шәкіртақы ала отырып спорт журналистикасында, спорт менеджменті, спорттық медицина, реабилитация мамандықтары бойынша білім алады. Оқыту, әзербайжан және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу