Қызылорда облысында биыл құрылыс қарқынды. Жаңа жылу электр орталығының іргесі қаланып, жұмыстар қызу жүріп жатыр. Ал жеке инвестор есебінен бой көтерген әуежай терминалы жақын арада пайдалануға берілмек. Мұнан бөлек, аймақта 266 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтеді.
Жол жөндеу жұмыстары биыл ерте көктемнен басталды. Ең бірінші кезекте көлік қозғалысы көбейген Жаппасбай батыр, Яссауи, Көшербаев көшелері жаңғыртылып, төрт жолаққа кеңейтіліп жатыр. Жалпы шаһарда осы жылы 35 көшеге асфальт түседі. Ал «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен елдімекендердің 80 шақырымдай жолы жөнделеді.
Данияр Жаналинов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:
Биыл да жоспар бойынша жолдың жағдайын индекаторын 92 пайызға жеткіземіз деп отырмыз. Оған қомақты қаржылар қарастырылып отыр. Жалпы облысымызда жолдарға күрделі жұмыстар жүргізу үшін 30 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылды.
Сырдың әуе қақпасы жаңа әуежай термианалының құрылысы аяқталуға жақын. Заманауи үлгіде салынған нысан барлық халықаралық талаптарға сай жабдықталған. Қазір ішкі жұмыстар толық бітіп тұр. Терминал іске қосылса, бірқатар бағыттар бойынша жаңа рейстер ашылмақ.
Жәнібек Сыздықов, облыстық Жолаушылар көлігі және автомбиль жолдары басқармасының басшысы:
Аэропорт терминалы іске асырылған жағдайда. Ақтау қаласына маусым айында бастасақ па деп жатырмыз. Аптасына екі рейстен. Сосын Түркия елінің Анталья қаласына бастасақ па деп жатырмыз. Соған келісім-шарттар жүргізілді.
2025 жылы шаһарда жаңа жылу электр орталығы іске қосылады. Түркиялық инвесторлар бүгінде маңызды нысанның құрылысын жоспарға сай жүргізіп жатыр. Жалпы қалада жылу беру маусымы аяқталып, тұрғындар қыстан қамсыз шықты.
Әділбек Серікұлы