Семейде өртенген орман алқабын тазалауға жұмыс күші мен техника тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде өртенген орман алқабын тазалауға жұмыс күші мен техника тапшы

08.04.2024

«Семей орманы» табиғи резерватында былтыр өртенген қарағайларды санап, кесу жұмысын жеделдету қажет. Өйткені, күйік шалған ағаштардың іш-сыртын зиянкестер жайлай бастаған. Егер жанған ағашты тауарлы шикізат ретінде уақытында пайдаланбаса, ол шіріген отынға айналады. Семей орманында 63 мың гектар алқапты от шарпыған еді. Қазір резерватқа қарасты үш бригада санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ, мамандар жұмыс күші мен техника жеткіліксіз екенін айтады. Зиянкестер жеп жатқан ағаштарды аз уақыт ішінде жоймаса, жәндіктер ормандағы өсіп тұрған жасыл желекті де зақымдайды, дейді орманшылар.

Дәулет Байболатов, Талица орман шаруашылығының басшысы:

Қазір біз жанған ағаштарды алып тастамасақ, зиянкестер әрі қарай тез тарала береді. Олар жанған ағаштан ауысып, жас қарағайларды жейді. Одан кейін жылдап өсіп тұрған ірі ағаштарға ауысады. Сондықтан санитарлық кесуді тез жүргізу керек.


Хабарламаларға жазылу