Жетісу облысы батысқа гуманитарлық көмек жөнелтті
Жетісу облысынан гуманитарлық көмек тиелген көліктер Батыс Қазақстанға жолға шықты. Саяси партиялардың облыстық филиалдары, Жастар орталығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мен еріктілер бірнеше күн бойы 85 тоннаға жуық азық-түлік, киім-кешек және басқа да қажетті заттар жинады. Оған облыстың барлық аудан қалаларында ашылған қабылдау пункттері өз үлестерін қосты. Мұнан бөлек Жетісу халқы 150 млн теңге қаржылай қолдау көрсесте, өңірдегі цемент зауыты мың тонна цемент жіберетін болды. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жетісулықтардың қолдауы әлі де жалғасады.
Арыстанғали Арын, «Аманат» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы:
Жер жаннаты Жетісудан сол жаққа осы көмекті жіберуді жөн көрдік. Талдықорған қаласынан екі фура шықса жолдан Панфилов ауданынан тағы бір фура қосылады. Ақшалай жіберіп жатқан біраз көмектер бар.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06
Смартфонды 2 сағаттан артық қолдану денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін
18.07.2026, 20:05