Шығыстың таулы аудандарда қардың 60 пайызы әлі еріген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстың таулы аудандарда қардың 60 пайызы әлі еріген жоқ

08.04.2024

Шығыс Қазақстан облысында алдағы үш тәулікте күн райы күрт жылынып, толассыз жаңбыр болуы мүмкін. Ал айматағы биік тауларда қардың 60 пайызы әлі еріген жоқ. Сондықтан Қатонқарағай, Шемонаиха, Марқакөл, Глубокое, Үлкен Нарын және Алтай аудандарында тасқын қаупі әлі сейілген жоқ. Дегенмен мамандар ауыл-аймақтың маңындағы су өтетін құбырлар мен көпірлерді қар-мұздан толық тазаланғанын айтады. Қазір етектегі ұсақ өзендерде мұз толық еріп болды. Соңғы үш тәулікте Бұқытырма мен Қара Ертістің де көбесі сөгіліп, сең жүре бастаған. Дегенмен қос өзенде мұз кептелісі байқалмайды. Кейбір жерге жиналған мұзды арнайы мамандар жарып, өзеннің арнасына салып жатыр.

Ләззат Болатхан, «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалы директоры:

Тоғызыншы, оныншы сәуірде облыстың көп бөлгінде жауын-шашын. Оның ішінде Қатонқарағай, Марқакөл, Күршім аудандарында қатты жауын-шашын күтілуде. Ол дегеніміз өзен суларының деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Бүгінгі таңда Бұқтырмада мұз қалыпты өтуде.

Медет Нұрғалиев, «Шығыс су қоймалары» МҚК директоры:

Бізде 33 су қоймасы бар. Соны күнделікті біз монитлоинг жасаймыз. Толып бітті. Әрине кетеді деген, ондайлар жоқ. бәрі штататық режимде істейді. Жоба бойынша констуриктивті эелменттің ең жоғарғы деңгейі бар. Қандай көлем су өткізетні бар. Соған қарағанда ешқайсы шектен асып кеткен жоқ. Сондықтан бүгінгі күнге жағдай тұрақты.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу