Ақмола облысында Есіл өзені арнасынан асып, үйлерге су кірді
Ақмола облысында Есіл өзені арнасынан асып, Шортанды және Есіл аудандарындағы отызға тарта баспана мен мектеп ауласына су жайылды. Құтқарушылар 42 тұрғынды жедел түрде эвакуацияланды. Дәл қазір бізбен осы өңірдегі тілшіміз Ұмсындық Наурызбаева тікелей байланысқа шығып тұр. Ұмсындық, қазір жағдай қалай аймақта? Қауіп сейілді ме?
Ұмсындық Наурызбаева тілші:
Өзендегі су деңгейінің көтерілуіне күннің күрт жылынып, қардың тез еруі себеп болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қауіп әлі де бар. Дегенмен қазір арнайы штаб жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Су тасқынының алдын алу жұмыстары да күні-түні тоқтаусыз жүргізілуде. Бір тәулікте үйлер мен аулаларға кірген 1300 текше метр су сорылды. Құтқарушылар құм салынған қаптардан бөгеттер қойып, өзен арнасын қармен мұздан тазартып жатыр. Жалпы облыс бойынша су тасқыны қаупі әлі жоғары. Алдағы уақытта Жабай, Нұра, Колутон өзендеріндегі су деңгейі көтеріліп, арнасынан асуы мүмкін. Өзендердің 64 учаскесінде қосымша мұз жару жұмыстары жүргізіліп, жағалаулары барынша нығайтылуда.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49