Павлодарлық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына көмекке аттанды
Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 53 қызметкері және 10 техника Солтүстік Қазақстан облысына көмекке аттанды. Олар қайық, суда жұмыс істеуге арналған құтқару құралдарымен жабдықталды. Павлодар өңірінің 6 ауданында тасқын су айтарлықтай әбігер тудырған болатын. 38 үйге су кірді. Қазір су деңгейі төмен түсіп, жағдай тұрақталды. Ақтоғай ауданы, Жалаулы ауылында жарияланған төтенше жағдай режимі кеше күшін жойды. Қазір аймақтағы зардап шеккен адамдарға материалдық көмек, бір реттік демеуқаржы беріліп жатыр. Ал тұруға жарамсыз болып қалған 5 үйдің орнына жаңа баспана салынады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз әр азаматтың, әсіресе жастардың бойына тазалық ұқыптылық, жауаптылық сияқты қасиеттерді сіңіруіміз керек»
13.10.2026, 11:12
«Әбіл» фильмі Asian World Film фестиваліне шақырту алды
13.10.2026, 10:10
Қола дәуіріндегі қыш құмарадан дәнді дақыл нышандары табылды
13.10.2026, 10:08
Кибершабуылдан миллиондаған еуроның азық-түлігі бүлінді
13.10.2026, 10:07
Орта дәлізді дамыту бастамасы қолдау тапты
13.10.2026, 10:05
Қазақстанның адам саудасына қарсы тұрудағы тәжірибесі талқыланды
13.10.2026, 10:01
Ливанмен шекараға жақын маңда оқыс оқиға болды
13.10.2026, 10:00
Президент Бельгиялық қонақтарға Ұлттық балаларды оңалту орталығын таныстырды
13.10.2026, 10:00