Елімізде «Таза қазақстан» республикалық акциясы басталды
Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталды. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Мәселен, бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар өз үйлері мен ғимарат аумақтарында тазалық жүргізеді. «Киелі мекен» деп аталатын екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады. Ал үшінші аптада көшеттер отырғызылып, ағаштардың түбі әктеледі. «Өнегелі ұрпақ» дейтін төртінші аптада ардагерлер сарайы мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазарту көзделген. Соңғы бесінші аптада өзен-бұлақтардың арнасы қоқыстан тазартылады.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз әр азаматтың, әсіресе жастардың бойына тазалық ұқыптылық, жауаптылық сияқты қасиеттерді сіңіруіміз керек»
13.10.2026, 11:12
«Әбіл» фильмі Asian World Film фестиваліне шақырту алды
13.10.2026, 10:10
Қола дәуіріндегі қыш құмарадан дәнді дақыл нышандары табылды
13.10.2026, 10:08
Кибершабуылдан миллиондаған еуроның азық-түлігі бүлінді
13.10.2026, 10:07
Орта дәлізді дамыту бастамасы қолдау тапты
13.10.2026, 10:05
Қазақстанның адам саудасына қарсы тұрудағы тәжірибесі талқыланды
13.10.2026, 10:01
Ливанмен шекараға жақын маңда оқыс оқиға болды
13.10.2026, 10:00
Президент Бельгиялық қонақтарға Ұлттық балаларды оңалту орталығын таныстырды
13.10.2026, 10:00