Су тасқыны кезінде 60 мыңнан астам мал басы қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин мәлімдеді. Оның дерегінше, бүгінде су басқан 7 өңірден 5 мың 700-ден астам малдың өлексесі табылған. Оның 1 мың 137-сі ірі қара, 4 мың 51-і ұсақ мал. Қазір министрлік өкілдері мен ветеринария қызметі, тасқыннан зардап шеккен аймақтарда жүр. Мал шығынын өтеу бойынша негізгі алгортим дайын. Жақында халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Олжас Тілебалдин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:
Министрліктің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды облыс әкімдіктерімен бірлесіп шығын болған жануарлар өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізуде. Жалпы іс-шараларды жүргізу үшін тиісті 90 бірлік техника, қызметкерлер штаты және жою шаралары үшін қажетті дезинфекциялық заттар бар.