Шығыс Қазақстан облысында, таудағы қардың әлі 60 пайыздан астамы еріген жоқ. Егер ауа темпратурасы 15-20 градусқа дейін көтерілсе Риддер қаласы, Катонқарағай, Шемонаиха, Марқакөл, Глубокое, Үлкен Нарын және Алтай аудандарында тасқын болуы мүмкін. Ал “Қазгидромет” мамандары аймақта алдағы үш тәулікте толассыз жауын-шашын болатынын хабарлады. Сондықтан облыста қауіпті аумақтардың арнайы картасы дайындалды. Енді тасқынға тосқын жұмыстары осы картаға сәйкес жасалады. Өзен-көлдердер мен гидротехникалық нысандарға тәулік бойы кезекшілік қойылды. Қара Ертіс пен Бұқтырма өзеніндерінің жоғарғы сағасындағы сең енді қозғалды.
Әйгерім Сағидулина, ТЖД Басқарма Инженері:
Облыста су тасқыны болуы мүмкін аумақтарда,барлық ықтимал картасы әзірленді. Жағдай ушығып кеткен жағдайда. Жергілікті атқарушы органдармен азаматтық қорғау күштерімен 2200 адам,732 техника, 64 жүзу құралы мен 234 мотопомпа дайындалды.